Қазақстандық депутат тікелей эфирде күтпеген әрекет жасады

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров телеарнадағы тікелей эфир кезінде күтпеген әрекет жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 қарашада кешкі эфир барысында депутат Екібастұздан тікелей эфирге шыққан. Журналиспен тікелей эфир кезінде сөйлесіп жатып Саиров жерге түкіріп жіберген. Көрермендер бұл сәтті бірден байқап, видеоны кесіп алып, әлеуметтік желіде таратып жіберген. 

Депутат Tengrinews.kz тілшісіне бұл жайт үшін көпшілік алдында кешірім сұрауға дайын екенін айтты.

"Оның бәрі далада, кешкі уақытта, қақаған аязда, адам жоқ жерде болған оқиға. Сондықтан қажет болса көрермендерден, халықтан кешірім сұрай аламын. Аязда мұндай оқиға болып тұрады деп ойлаймын. Әрине, түкіру дұрыс емес. Егер қажет болса айыппұл төлейміз", - дейді мәжілісмен. 

Айта кетейік, Ерлан Саиров VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!