Қазақстандық дәрігерлер күннің ысуына байланысты асқынатын ауру түрлерін атады

Күннің ысуына байланысты қандай ауру түрлері асқынатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ыстықтың беті қайтпай тұрғандықтан жүрек қан тамырлары аурулары асқынып, ішек инфекциясының өршуі жиі байқалады. Ресми мәліметтер бойынша, жыл басынан бері жедел ішек инфекциясына шалдыққан 108 сырқат анықталған. Оның ішінде 73-і 14 жасқа дейінгі балалар екен.

85 адам түрлі азық-түлік арқылы жұқтырған болса, 23 адам науқаспен қарым-қатынаста болған. Жұлдыз Серікқызының сөзінше, ішек ауруларының таралуы үш фактордан тұратды.

"Олар: ең алдымен тұтынатын тамақ, ішетін су және қолды дұрыс жумау. Тазалыққа мән беріп, қолды күніне бірнеше мәрте сабындап жуған дұрыс. Даладағы жедел тамақтану орындарынан тамақ ішкенде өте сақ болу керек. Дүкеннен алынатын азық-түлікке өте абай болып, тұтыну мерзімін тексерген жөн. Сүт, шұжық, консерві өнімдерін сақтықпен қолданған дұрыс. Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланар алдында қайнатылған сумен, ас содасын қосып тазалап жуу керек. Балаларды қол жууға дағдыландырып, қалай жуу керектігін түсіндірген абзал", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ дәрігер жаз маусымында қонаққа барғанда моенез қосылған салаттар мен тіске басарларды жеуден бас тартуды ұсынады. Алдын-ала дайындалған тағамдарда улану жиі болатынын ескертеді.

Ал жүрек-қан тамырлары аурулары күннің ыстығында бірден өсіп, жедел жәрдемге шақырулар жиі түседі. Мұндай сырқаты бар адамдар мүмкіндігінше ыстақта далаға шықпаған жөн дейді дәрігерлер. Ұлттық госпиталь дәрігері Әсемгүл Саятқызы тәжірибелі дәрігер ретінде науқас адамдарға ең алдымен сабыр сақтауға кеңес береді. Қан қысымы көтерілген немесе жүрек сыр берген жағдайда учаскелік дәрігер белгілеген дәрілерді пайдаланып, сосын жедел жәрдемге жүгінуді ұсынады.

"Егер далаға шығу керек болған жағдайда бас киім киіп, күннен барынша қорғану керек. Күніне екі литрге дейін су ішкен жөн. Салқын душ қабылдап, жеңіл тамақтану қажет. Асқазанға, жалпы ағзаға күш түсіретін ауыр тағамдардан бас тартқан дұрыс. Мұндайда көкөністер мен жемістердің пайдасы зор. Үнемі жоғары қан қысымымен жүретін науқастар бізде қауып, қатер аймағындағы адамдар болып саналады сондықтан ооларды жиі бақылауда ұстаймсыз", - дейді Әсемгүл Саятқызы.

Салқын су ішіп, болмаса кондиционерді жиі қолданып суық тиіп жатқандар да бар. Дәрігерлер аптап ыстықта суық тию өте қауіпті екенін айтады. Түрлі сусындар мен балмұздақты да өз орынымен, абайлап тұтынған дұрыс. Ең бастысы - денсаулықты сақтау әр адамның өзіне байланысты. Дәрігердің нұсқауын бұлжытпай орындаған кезде ғана жаздың аптап ыстық күндерін жеңіл өткізуге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!