Қазақстандық дәрігерлер 3D-принтермен мұрын басып шығармақшы

Қазақстандық дәрігерлер 3D-принтермен адамның дене мүшелерін басып шығармақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сол технологияны игеруші фирманың басшысы Людмила Антонова хабарлады. 

Антонованың айтуынша, бұл технологияны республикаға жақын арада жеткізіледі. "Пациенттің мұрыны жасушалы материалдың көмегімен басып шығарылады. Саусақ бөлігінен материал немесе тізе буынынан шеміршек алынады", - дейді ол. 

Бұған дейін "Технологияларды коммерциялау орталығының" бас директоры Дамир Егізбаев 3D-принтерлердің Қазақстандағы тіс дәрігерлері арасында үлкен сұранысқа ие болып отырғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар, бұл технологияларды сәулетшілер мен оқу орындары пайдаланып жүр.