ҚБТУ Қазақстан Теңіз академиясының кадеттері Атлант мұхитын кесіп өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
"Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және Қазақстан теңіз академиясының (ҚТА) екінші курс кадеттері Нидерландтың Eendracht желкенді кемесімен Атлант мұхитын еңсерді", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бұл бірегей білім беру жобасы олардың теориялық және практикалық дайындығын біріктіріп, болашақ теңіз мансабына маңызды негіз қалады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Бақдаулет