- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Спорт жаңалықтары
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының кезекті күнінде қандай нәтиже көрсетті?
Қазақстандық төрт боксшы Тайландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрлықтық біріншілік аясында тағы бір жарыс күні аяқталды. Қазақстандық боксшылар төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті.
Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) малайзиялық Ариф Мұхаммадқа еш мүмкіндік қалдырмады. Қазақстандық қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Әйелдер арасындағы жарыста Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) Филиппин құрамасының спортшысы Офелия Магноны жеңді.
71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов түркіменстандық Байрамдурды Нурмухамедовпен жекпе-жекте еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Өкінішке қарай, Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін) жарыс жолынан шығып қалды. Қазақстандық қытайлық спортшы Вэньцань Сюйден айласын асыра алмады.
Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов шаршы алаңға шығуы тиіс еді. Алайда қарсыласының жекпе-жекке шыға алмайтыны белгілі болды. Осылайша, Диас жартылай финалға тікелей жолдама алды.
Айта кетейік, жартылай финалға шыққан барлық спортшылар ең кемінде, турнирді қола жүлдемен аяқтайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан