Қазақстандық боксшы Өзбекстандағы жекпе-жек алдында үндеу жасады

Қазақстандық боксшы Өзбекстандағы жекпе-жек алдында үндеу жасады
Фото: instagram.com/bekman_soilybaev

Екінші жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental титулының иегері Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО) келесі жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 5 тамызда Ташкентте (Өзбекстан) жұдырықтасады. Оның қарсыласы ресейлік боксшы Александр Егоров (20-7-1, 10 КО) болмақ. Қазір Сойлыбаев жаттығуда.

"Жекпе-жекке санаулы күндер қалды. Сіздерден қолдау күтемін!" – деді боксшы жанкүйерлерге.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сойлыбаев Бекман (@bekman_soilybaev)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек