2021 жылғы Азия чемпионы қазақстандық Римма Волосенко Амманда өтіп жатқан биылғы Азия біріншілігінде жекпе-жекке шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы жарысты 1/4 финалдан бастап, 60 келі салмақта моңғолиялық Номин-Эрдене Тугсжаргалмен айқасты. Төрешілердің шешімімен моңғолиялық боксшы жеңді. Алайда бұл шешім даулы. Себебі Волосенко қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген. Бірақ жеңіс қарсыласына бұйырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!