- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық боксшы қарсыласын...
Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірcе де жеңілді
Фото:
Данияр Майлыбаев/Vesti.kz.
2021 жылғы Азия чемпионы қазақстандық Римма Волосенко Амманда өтіп жатқан биылғы Азия біріншілігінде жекпе-жекке шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы жарысты 1/4 финалдан бастап, 60 келі салмақта моңғолиялық Номин-Эрдене Тугсжаргалмен айқасты. Төрешілердің шешімімен моңғолиялық боксшы жеңді. Алайда бұл шешім даулы. Себебі Волосенко қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген. Бірақ жеңіс қарсыласына бұйырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова