- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық блогер сүйіктісіне ұшақ бортында үйлену туралы ұсыныс жасады
Қазақстандық блогер сүйіктісіне үйленуге ұсынысты ұшақ бортында жасады
Фото:
Видео кадры
Қазақстандық блогер сүйіктісіне ұшақ бортында үйлену туралы ұсыныс жасады. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін аспанда ерекше жайт болды, қазақстандық блогер орнынан тұрып, қобалжып, қызына үйленуге ұсыныс жасады. Салон тегіс тынышталып қалды, біреулері телефондарын шығара бастады, стюардессалар қатып қалған. Қыз таңғалды да, көзіне жас алып, "Иә!" деді. Жолаушылар қол соғып, ал кейбірі "Биіктіктегі бұл не деген махаббат!" деп айғайлап жіберді", - делінген видео жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары болашақ ерлі-зайыптыға бақытқа толы отбасылық өмір, үндестік пен амандық тілеп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан