- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дархан Жолшыбеков
Қазақстандық блогер некесіз туған қызына көлік пен пәтер әперді
Қазақстандық кәсіпкер, блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесіп, оған көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол қызының анасына JAC маркалы жаңа көлік, Астана қаласынан пәтердің кілті және қыздың емі үшін қомақты қаржы табыстағанын айтты.
Дархан Жолшыбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеодан бүлдіршінге әкесі ойыншық сыйлағанын да көруге болады.
Еске салайық, бұған дейін блогер Дархан Жолшыбековтің некесіз туған бес жасар қызы бар екені белгілі болды. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы отандық "Көреміз" бағдарламасына келіп, жанайқайын жеткізген еді. Ол өз сөзінде қызының сырқаты барын, ал әкесі небәрі 15 мың теңге алимент төлейтінін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева