Қазақстандық блогер қалай суперәке болу керегін айтады

I-BALAQAI жобасында блогер Серікжан Тілеулесов әке болудың оның өміріндегі және қазақстандық қоғамдағы ролі, оны болашақта үлкен жетістіктерге жетуге итермелеген бала күніндегі қиыншылықтар мен бала тәрбиесі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстарын айтады. 

Жаңа шығарылымды бүгін, 8 қазан сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Жоба қонағы "Қалай суперәке болу керек?" тақырыбында ойын айтады. Сондай-ақ ол отбасындағы өзара сыйластық туралы ойын айтады. 

Серікжан Тілеулесов - отбасылық блогер. I-BALAQAI жобасының қонағы өзінің Instagram парақшасында қызық әрі ерекше роликтерін бөлісіп, ерлі-зайыпты арасындағы мәселелерді көтереді. Ол әйелімен бірге үш бала тәрбиелеп отыр. 

Жүргізуші - журналист, тележүргізуші Махаббат Есен.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.