Арқалықта сот "Арайлы Арқалық" YouTube арнасының авторы, жергілікті тұрғын Қанат Әлімбаевқа үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tobolinfo.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Биыл сәуірде ер адам ұсталғаны белгілі болды. Ол кезде Қостанай облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған еді.
Тергеу нұсқасы бойынша күдікті әйелдерге қарызға ақша беріп, кейін жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен, ал бас тартқан жағдайда сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған.
22 мамырда Арқалық соты Қанат Әлімбаевты кінәлі деп таныды. Іс материалдарына сәйкес оған ҚР ҚК-нің 120-бабы ("Зорлау"), 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") және 123-бабы ("Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету") бойынша айып тағылған.
Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Қорғаушы тарап апелляциялық шағым түсірген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!