- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық блогер Америка...
Қазақстандық блогер Америка әуежайында шу шығарды
Супер Мамасита лақап атымен танылған қазақстандық блогер Әлия Байтуғаева шетелде шу шығарып, соңында айыппұл төлемеу үшін кешірім сұрауға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді.
Блогердің айтуынша, ол ұшақта телефонын ұмытып кеткен. Телефоны жоқ екені әуежайдың ішінде жүргенде есіне түскен. Бірақ жолаушы ұшақтан шығып кеткеннен кейін бортқа қайта оралуы қиын. Осылайша, қайтадан ұшаққа орала алмай, әуежай қызметкерлерімен жанжалдасқан блогер күш көрсетпек болған.
Әлия Байтуғаева ұшаққа жібермеген бақылаушы әйелмен жанжалдасқан соң оқиға орнына полиция келген. Олар мән-жайды анықтауға тырысқан. Қазақстандық блогер өзінің блог түсірумен айналысатынын, барлық жұмысы, қаражаты мен банк карталары телефонында қалғанын айтқан. Алайда полиция қызметкерлері оған тәртіп бұзғаны үшін шара қолданбақ болған. Соңында Әлия Байтуғаева АҚШ-қа марафонға келгенін және блогерлікпен айналысатынын айтып, түсіндіруге тырысқан.
Заң өкілдері блогерге бір жолға кешірім берген. Алайда мұндай құқықбұзушылық қайталанса, 14 мың доллар айыппұл салынатынын ескерткен.
Айта кетейік, Супер Мамасита лақап атымен танылған қазақстандық блогер Әлия Байтуғаеваның әлеуметтік желіде (Instagram) 7 миллион оқырманы бар. Ол желіде күнделікті өмірі мен бала күтімі, жалпы лайфстайл контент жариялайды.
Еске салайық, блогер бұған дейін орта есеппен айына қанша ақша жұмсайтыны туралы айтып берген болатын.
"Үйге керек-жарақ алып, балаларды бағуға және қалағанымызды алу үшін айына орта есеппен 10 миллион теңге ақша керек. Бұрын "Әлия, өл-тіріл, айына мынанша табу керексің" деп талап қоятынмын, соған жету үшін әрекет жасайтынмын. Қазір ондай жоғары талап жоқ, жинап қойғаным бар. Айына қанша теңге бұйырады, сол ризық келіп жатыр. Бастысы - жұмысымды рахаттанып істеймін, ал рахаттанып істеген жұмысың міндетті түрде жақсы табыс әкеледі", - деген еді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева