Қазақстандық биатлоншылар Ольга Полторанина мен Никита Акимов Аустрияның Обертиллиах қаласында өтіп жатқан IBU кубогында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшылар жекелей аралас эстафетада өз шеберліктерін көрсетті. Қазақстан құрамасының спортшылары бұл бағдарламада жетінші орынға тұрақтады.
Жарыс жеңімпазы Норвегия командасы атанса, Франция екінші орынға ие болды, ал Германия қола жүлдемен жарысты аяқтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!