Қазақстандық банктерге III тоқсанда 6,82 миллион теңге айыппұл салынды. Банктерге қатысты 71 санкция (айыппұл салу және өндіріп алу түріндегі 28 санкция; жазбаша ұйғарым түріндегі 43 шектеулі ықпал ету шаралары) қолданылған. 2018 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша: Банк Kassa Nova АҚ Ұлттық Банкке жалған мәліметтер бергені үшін 481 мың теңге айыппұл төледі; ЦентрКредит банкі және АТФ Банк несие бюросына жалған мәліметтер бергені үшін әрқайсысысына 481 мың теңге айыппұл салынды; ForteBank банктік қарыз шартының мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасын жоғалтқаны үшін 240 мың 500 теңге айыппұл салынды; Ресей Сбербанкінің қазақстандық еншілесі банктік қарыз шартында нақты есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсетпегені үшін 120 мың 250 теңге айыппұл салынды; Астана Банкі мен Qazaq Banki төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің ақша төлемі/аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін, нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде 4,841 миллион теңге және 182 мың теңге айыппұл салынды. Талдау нәтижелері бойынша банктер көбіне банктік қарыз және банктік шоттар, ақша төлемдері мен аударымдарына қызмет көрсету, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша талаптарды сақтамайтыны белгілі болды. 2018 жылдың III тоқсанында шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың ең көбі Qazaq Banki және Астана Банкі мекемелеріне қолданылды, бұл орындалмаған шарттардың 35%-ын құрады, ForteBank және Казкоммерцбанк 10%, ХоумКредит Банкі 8%, Альфа-банк, АТФБанк және Ресей Сбербанкінің қазақстандық еншілес банкі-6%. Ұлттық Банк хабарлауынша, 1 қазандағы есеп бойынша, Қазақстанда 30 коммерциялық банк бар. III тоқсанның қорытындысы бойынша Ұлттық Банк Астана банк, Qazaq Banki мен Эксимбанктерді банктік лицензиясынан айырды.