Қазақстандық балуандар Германиядағы Гран-приде алты алтын жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Германиядағы Гран-приде алты алтын жеңіп алды
Фото: Күрес федерациясы

Қазақстандық грек-рим күресі балуандары Дортмундта (Германия) өткен Гран-при турнирінде алты алтын жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) және Мерей Мәулітқанов (77 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Wrestling Federation (@kazwrestling_official) жарияланымы

Дәулет Әшірханов (63 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) және Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін), Мәди Дәнелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін), Диас Кален (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Wrestling Federation (@kazwrestling_official) жарияланымы

Грек-рим күресінен "Германия Гран-приі" (Grand Prix of Germany) халықаралық турнирі Дортмундта 14-16 тамыз аралығында UWW аясында өтіп жатыр.

Жыл сайынғы бұл жарыс әлем чемпионаттарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Биылғы додада Қазақстан намысын 20 спортшы қорғады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

I. Myrzabayeva
Logotype Massaget