Қазақстандық балуандар әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуандар әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Әзербайжанның Баку қаласында күрестен U17 әлем чемпионатында еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Бақдәулет Ағабек 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, бүгін 1 тамызда Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қола жүлде күреседі.

Екінші алтын

Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дияр Аманәлі де әлем чемпионы атанды.

Турнир барысында ол грекиялық Николаос Зинисисті 8:0, ресейлік Эдем Пайзиевті 3:1, грузиялық Георгий Кеделидзені 2:1 және болгариялық Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңді.

Финалда Дияр мажарстандық Кеве Ковачпен белдесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталғанымен, нәтижелі ұпайды бірінші болып алған қазақстандық балуан жеңімпаз деп танылды.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында бірден екі алтын медаль жеңіп алды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget