Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалында жеңіліп, күміс медаль еншіледі

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалында жеңіліп, күміс медаль еншіледі
Фото: olympic.kz

Күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда жеңіліс тапты. 

Ол ақтық сында ирандық Ахмедреза Мохсен Нежадтан 2:0 есебімен ұтылды. 

Осылайша, Ашрапов әлем біріншілігінің күміс медалін иеленіп отыр. Бұған дейін қазақстандық "классиктер" Испания бозкілемінен 3 қола медаль жеңіп алған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан