• 499.71
  • 490.7
  • 5.61

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 129 доллар түсті

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 129 доллар түсті
Фото: depositphotos.com

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында балаларға төлемдер түсе бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламаға қатысатын балалардың 2024 жылға арналған арнайы шоттарына 129,38 доллардан түсті. Бағдарлама іске асырылғаннан бері 2 жылдағы бір балаға жалпы жинақталған сома 232,94 доллар болады.

Айта кетейік, kids.enpf.kz сайтынан балалардың шоттарындағы қаражатты тексере аласыз, ол үшін баланың ЖСН-ін енгізу қажет.

kids.enpf.kz

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында алғашқы төлемдер 2024 жылы жасалған еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық балаларға 129 доллардан түсетіні хабарланды. Ұлттық банк "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылатынын мәлімдеді. 

Сондай-ақ барлық қатысушыға төленген жалпы сома 888,8 млн АҚШ доллары екені айтылды. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова