Қазақстандық балалардың саусақ іздері алына бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы мәлімет Ашық НҚА порталында пайда болды.
Дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу (саусақ іздерін алу) қағидаларында ішкі істер органдары дактилоскопиялық ақпаратты жинауды жүзеге асырады делінген:
Сонымен қатар, саусақ ізін 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алады:
"Дактилоскопиялық ақпаратты жинау дактилоскопиялау және дербес деректердің тиісті ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы екі қолдың немесе екі қолдың 10 саусағының папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы биометриялық деректері алынады", - делінген құжатта.
Жобаны дайындаған мамандардың айтуынша, балалардың саусақ іздері олардың заңды өкілдерімен және олардың келісімімен алынады.
Қазақстанда дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу мәселелері бойынша ІІМ бұйрығының жобасы 30 шілдеге дейін талқыланатын болады. Оның толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!