- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық балалар неге...
Қазақстандық балалар неге жиі диабет пен семіздікке душар болатыны айтылады
I-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бала қауіпсіздігі және отбасылық даму бойынша сарапшы Динара Құсаин тамақтанудың бала дамуындағы маңызы туралы айтады. Сондай-ақ маман үйлестірілген тағам мөлшерін қалай құрастыру керегін түсіндіреді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 23 тамыз сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Ми азығы: тамақтанудың бала дамуындағы маңызы" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Динара Құсаин - "Salem, родители!" және "Колыбельная для ангела" кітаптарының авторы.
Жүргізуші - балалар мен ата-аналармен жұмыс бойынша танымал тренер-коуч, инфлюенсер, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.
Қ. Слямбек