Қазақстандық бадминтоншы Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіліп қалды

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілі Дмитрий Панарин 2024 жылғы Олимпиадада топтық кезеңдегі екінші кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның қарсыласы 22 жастағы канадалық Брайан Янг болды. Кездесу екі геймге созылды, онда Янг жеңіске жетті. Біріншісі 21:18, екіншісі 21:10 есебімен аяқталды. Осылайша, Панарин Олимпиада ойындарында екінші рет жеңіліп қалды.

Айта кетейік, қазақстандық D тобында өнер көрсетіп жатыр. Дмитрий сондай-ақ жапониялық Кента Нисимотаға қарсы бірінші кездесуінде жеңілді. Топтың жеңімпазы келесі кезеңге өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!