Қазақстандық азамат Ресейдегі құрылыс алаңында қаза тапты

Қазақстандық азамат Ресейдегі құрылыс алаңында қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық азамат Ресейдің Омбы қаласындағы құрылыс алаңында шыққан өрттен көз жұмды. Сыртқы істер министрлігі өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Омбыдағы құрылыс алаңындағы өрт 15 тамызда болған. Салдарынан екі жұмысшы қаза тапқан, олардың бірі - 2002 жылы туған Қазақстан азаматы.

Алдын ала мәлімет бойынша қазақстандық азамат денесінің 70 пайызын күйік шалып, 18 тамызда ауруханада көз жұмған.

Жігіт нысанда мердігер ретінде жұмыс істеген "Глобал инжиниринг" компаниясында еңбек еткені анықталды. Қазір тергеушілер өрт себебін, сондай-ақ, құрылыс алаңындағы қауіпсіздікке жауапты адамдарды анықтап жатыр.

Қазақстанның СІМ мәліметінше, ҚР-ның Омбыдағы Бас консулдығы барлық қажет консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр.

"СІМ қаза тапқан азаматтың отбасымен байланыста және өз құзыреті шеңберінде көмектесіп жатыр", - деді министрлік өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget