- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық әйелге сурет...
Қазақстандық әйелге сурет үшін айыппұл салынды
Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.
Атыраудың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша істі қарады.
Атырау тұрғыны "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.
"А-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды", - делінген сотта.
Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан