Пхукетте 30 жастағы қазақстандық әйел бірнеше жол апатына себеп болған. Полицейлер оны қуған сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәліметке сүйенсек, MG көлігін тізгіндеген әйел бірнеше сағат бойы арал жолдарында бейберекет жүріп, мотоциклдер мен көліктерге соқтығысқан. Жол апаты туралы хабарламалардан кейін құқық қорғау органдары көлікті тоқтатуға тырысқанымен, жүргізуші талаптарды елемей, қашуға әрекет жасаған.
Соңында көлік ескі әуежай жолы аумағында шағын автобус пен мотоциклге соқтығысып тоқтаған. Оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен.
Бұған дейін де оның осыған ұқсас оқиғаларға қатысы болған. Қазір тергеу басталды.
Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, ведомство Таиландта Қазақстан азаматы ұсталғанынан хабардар.
"Консулдық сол елдің құзыретті органдарымен байланыста және консулдық көмек көрсетіп жатыр", - деді СІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!