- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық әйел жерлеуге...
Қазақстандық әйел жерлеуге алып бара жатқан туысының мәйітімен айдалада қалып қойған
Қазақстандық әйел туысының мәйітін Шымкентке жерлеуге алып бара жатып, жолда қалып қойған. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның құрбысы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушысының сөзінше, көліктің жанармайы таусылуға таяған.
"SOS!!! Достар, көмек керек. Құрбым кеше Шымкентке Газельмен шыққан еді. Шымкентте жерлеу үшін туысқанының денесін алып бара жатыр. Көлік жолдан шығып кеткен, енді олар шыға алмай отыр, жанармайы таусылды, Төтенше жағдай министрлігіне қоңырау шалдық. Олар кеше "күте тұрыңдар" деді. Олар келіп қарап, кетіп қалды, мүмкін біреудің ТЖМ-де танысы бар шығар, мүмкін біреудің жақын туыстары немесе достары бар, бізге трактор керек, ең бастысы жанармай", - деп жазды Facebook-те Лязат Ситчанова.
Сурет Facebook желісінен
Qumash Telegram-арнасында да осы жайтқа қатысты ақпарат пайда болды.
"Евгения қайтыс болған қайын сіңлісін Қонаевтан Шымкентте жерлеу үшін алып бара жатты. Кеше түс кезінде жүргізушімен бірге шықты. Кешке, сағат 7-де, олардың көлігі жолдан шығып кеткен. Олар өткен түнді айдалада минивэнде өткізді. Бірде-бір рет далаға шықпаған. Өйткені есіктерді қар бітеп тастаған. Пешті ауық-ауық қосып отыр, бірақ газ багы бітуге таяу. Жалғыз қуантар жайт - интернет ұстап тұрғаны, соның арқасында Женя бізге геодеректерін жібере алды", - делінген арна мәліметінде.
Massaget.kz тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласты. Ведомство өкілі мұндай шақырту түспегенін мәлімдеді.
Бұл жағдайды анықтау үшін редакция өзге де өңірлердің Төтенше жағдайлар департаментінен анықтауға тырысып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова