Қазақстандық автоэлектрик көліктің өртеніп кетуіне әкелетін 3 себепті атады

Қазақстандық автоэлектрик көліктің өртеніп кетуіне әкелетін 3 себепті атады
Фото: pixabay

Қазақстандық автоэлектрик Арсен көліктердің өртеніп кетуіне әкелетін 3 себепті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арзанға жүгіну 

Көп жағдайда адамдар арзанға жүгіреді. Қарапайым  аккумуляторды алайық. Сол жердегі клемаға тәртіп бойынша 3-4-ақ ток келіп тұру керек. Ал кейбір көліктердің капотын ашып қарасаң 10 шақты токты баттастырып жалғап қойған. Машинаның өзінде тәртіп бойынша істеу керек дүние істен шықты. Оны алады да арзан жұмыс күшіне апарады. Ал ол адам аккумулятордан тікелей ток тартып істеп бере салады. Сондықтан кез келген сымды көлік зауыттан қалай шықты солай жалғау керек. Ток ойнайтын дүние емес. Шама келгенше білетін автоэлектрикке немесе арнайы орталыққа апару керек. 

Дұрыс емес жалғау

Дұрыс емес белгілі бір затты жалғайтын болсаң ол бірден өртеніп кетуі мүмкін. Машинаның тогынан шыққан өрт көлікті толықтай өртеп жіберуіне 30-40 секунд жеткілікті. Сондықтан өзіңіз білмеген іске кіріспегеніңіз абзал. 

Арзан сым бөлшектермен ток жүргізу

Әр сымның өзінің атқаратын рөлі болады. Аккумуляторға тікелей жалғанатын сымды бірлік, екілік жіңішке сымдармен жалғауға болмайды. Өйткені ол ток күшін көтере алмай өрттің шығуына негіз болады. Сондай-ақ сақтандырғыштардың да өз орнында орналасуы тиіс. Өйткені 25-тік сақтандырғыштың орнына 15-тікті салсаңыз әрине ол жанып кетеді. Сондықтан токты жалғап жатқанда аса мұқият болу керек.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов