Қазақстандық ауылда 1,3 миллиард теңге қаражат ұрланған

Ақмола облысында Целиноград ауданының ТКШ бөлімі басшысы аса ірі көлемде ақша ұрлау дерегіне қатысты бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақмола облысы Қызылсуат ауылында жаңа құрылыс аумағына арналған электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 миллиард теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысына және "РемСтройСервис ПВ" мен MS-Energy ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді. Қылмыстық істің барлық қатысушысына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды, ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайды. Үкім заңды күшіне енбеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!