Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпаниялардың рейстерді уақытша тоқтатуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, шектеулер мына елдерде қолданылады:
Ірі халықаралық әуекомпаниялар да рейстерді уақытша тоқтатқаны айтылды.
"Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуын тоқтатты. Qatar Airways ұшу кестесін реттейді. Etihad ресми ескерту жасады. Emirates қақтығыс аймағын айналып өтіп, ұшуын жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандық әуекомпаниялар да қауіпсіздік мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.
Елімізден шетелге шыққысы келген адам саны - 683, шетелден елге оралатын адам саны - 1051. Бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер еткен.
"Қазақстандық әуекомпаниялардың Парсы шығанағы елдеріне рейстерді тоқтата тұруы - аймақтағы әскери-саяси жағдай күрт шиеленісуіне байланысты мәжбүрлі шара. Әуекомпаниялар халықаралық тәжірибеге сәйкес шешім қабылдады. Басты мақсат - жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі", - деп жазылған хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар ыстық тамақ, қонақүй және трансфермен қамтамасыз етілген.
"Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады", - деп жазылған хабарламада.
Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірлерге хабарласу қажет:
Air Astana
SCAT
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!