Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе тасымалдаушыларына Йеменнің әуе кеңістігінен ұшпауды ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Авиация әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларына Йеменнің әуе кеңістігінде әуе кемелерімен ұшпау туралы тиісті ұсыныстарды жіберді", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ және Ұлыбритания Йемендегі хуситтердің әскери нысандарына соққы жасағаны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!