Қазақстандық әншілер тағы бір мәрте Қытай сахнасын бағындырды

Танымал әнші Балжан Бидаш Қытай сахнасында ән айтып, тыңдармандарды тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Балжан Бидаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. 

Бұған дейін Балжан Бидаш пен Ayree Қытайда бірге қыдырып жүрген еді. Олардың көрші елге барудағы басты себебі концертте ән айту екені енді белгілі болды.

Сонымен қатар Қытайдағы өнер кешінде Серік Ибрагимов пен Қытайдағы қазақ әнші Арай Айдарханды да кездестіруге болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!