Қазақстандық әншілер жазғы демалысын қалай өткізіп жатыр? Экслюзив сұхбат

Эстраданың жарық жұлдыздары биылғы жазғы демалысын қайда, қалай өткізіп жатыр? Massaget.kz тілшісі өнер иелерінің өздерінен сұрап білді.

Әдетте әншілер жаз мезгілінде жұмыс істейтіні мәлім. Тойдың қызған шағында әншілердің бос уақыты болмайды. Арнайы хабарласқанымызда әкімгері тіпті қыркүйек айының соңына дейін бос еместігін жеткізді. Алайда сол уақыттың ішінде отбасымен жазғы демалысқа шығып үлгеретін әншілер де бар.

ЕРКЕ ЕСМАХАН & RAIM

Биылғы жылдың хит жұптары Райымбек пен Ерке Есмахан. Жұлдызды жұп жақында Мальдив аралдарына барып, кезекті демалыстарын өткізіп келді.

Тіпті Ерке Есмахан өзінің instagram storis-ке ұлы мен күйеуінің суретін жүктеп, жазба қалдырды.

"Алла бұйырса алда жұмыс көп. Мына видеоға қарап, демалып қайтқанымыз қандай жақсы болды деп жатырмын",- деп жазды ол.

 МӘДИНА СӘДУАҚАСОВА

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде отбасымен Вьетнамдағы демалыста түсірілген кадрларды көпшілікке көрсетті. Әншінің айтуынша, бұл жер "жұмақтағыдай". 

 НҰРЛАН ЕСПАНОВ

Әнші Нұрлан Еспанов та Instagram парақшасында отбасымен бірге Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімшілік орталығы Шонжыда демалып жатқанын айтты.

"Отбасылық демалыстамыз. Сіздерге де жұғысты болсын. Көңілімді өзім көтеріп кояйын дедім. Алматының төңірегінде, Шонжыдамыз", - деп жазды ол.

РОЗА РЫМБАЕВА

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жазғы демалысын Египетте өткізіп жатыр. 

Өнерлі отбасының таңдауы Мысырдың, Шарм-эль-Шейх қаласына түскен. Тіпті Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіге демалыстан пост жариялады.

Бұған дейін әншінің ұлы Әли Оқапов анасына су жаңа көлік сыйлаған еді.

ҒАДІЛБЕК ЖАҢАЙ

Әнші Ғаділбек Жаңай бұл жолы ішкі туризімді қолдайтынын жеткізді.

"Мен жақында отбасыммен қарт Каспийдің жағасында демалдым. Енді Алакөлге барып қайтамыз. Ішкі туризмді қолдап жүрмін. Дегенмен бізде қызмет көрсету әлі дұрыс дамымаған. Жыл сайын шетелге шығып тұрамын бірақ осы жылы елде демалуды құп көрдім", - дейді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!