Қазақстандық әнші "Славян базары" конкурсында үздік атанды

Қазақстандық әнші Ерназар Жұбан "Славян базары" конкурсында үздік атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі wellnews.ru сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық қазылар алқасының ойынша, қазақстандық әнші конкурстың "Славянский хит" номинациясында үздік нәтиже көрсеткен. 

Ерназар "Подберу музыку" атты әнді орындап, 70 ұпайдың 69-ын жинаған. 

Екінші орында молдовалық Каролина Балан. Ол жалпы 67 ұпай жинаған. 

Тағы үш қатысушы 66 ұпай жинаған: Екатерина Кузина (Ресей), Невена Пейкова (Болгария) және Марьям Танкреди (Италия). 

"Славянский хит" номинациясына қатысқандардың толық тізімі: 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!