Қазақстандық әнші The Limba (Мұхаметғали Ахметжанов) жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Tengri LifeStyle.
Ол Instagram-да сүйіктісіне ұсыныс жасағанын айтты. Ал қыз "иә" деп жауап берген. Әнші 7,5 карат гауһар жүзік сыйлағанын жеткізді.
Кейінірек оның өкілдері жүзіктің құны қанша болатынын айтты. Ол шамамен 300 000 мың доллар (шамамен 138 миллион 600 мың теңге) тұрады.
Сонымен қатар, әншінің өкілі оның сүйіктісіне ұсыныс жасағаны туралы ақпаратты растады. Бірақ қыздың аты-жөні және немен айналысатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, The Limba-ның алғашқы әні "Обманула" деп аталды. Дәл осы композицияның арқасында ол танымал болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!