Қазақстандық әнші Say Mo Грекияда тоналды

Say Mo деген атпен танымал қазақстандық әнші Мөлдір Есембек пен құрбысын Грекиядағы қонақүйлердің бірінде тонап кеткен. Бұл туралы әнші Instagram-да жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз Грекияға 27 тамызда келдік. Ал 28 тамызда менің қомақты ақшамды, қымбат иіс суымды және құрбымның аса бағалы әшекей бұйымдарын ұрлап кеткенін білдік, сөйтіп дереу қонақүй әкімшілігіне хабарладық. Осы уақытқа дейін бұл жағдайдың шешілетінін күттік. Алайда әлі шешілмеді. Егер ертең кешке дейін біздің қолымызға ақшаны және құнды заттарымызды әкеп ұстатпаса, біз қай қонақүйде орын алғанын көпшілікке көрсетіп, жариялайтын боламыз", - дейді Say Mo.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!