Қазақстандық АҚШ-тан келген сәлемдеме үшін бас бостандығынан айырылды

АҚШ-тан келген есірткі контрабандасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық пошта қызметі арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі келгені анықталған. Астана қаласындағы "Қазпошта" АҚ кедендік бақылау аймағында 1,2 келі гашиш майы тәркіленген.

Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыдан 4,38 грамм мефедрон табылған.

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроп заттарды контрабандалағаны, өткізгені үшін кінәлі деп таныды. Оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!