- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық адвокат Кеосаянды...
Қазақстандық адвокат Кеосаянды сотқа беретінін айтты
Танымал заңгер Жангелді Сүлейманов ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянды Қазақстанға қатысты мәлімдемесі үшін сотқа бермек, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Біздің Заңға сәйкес Кеосаянды сотқа бере аламын. Шағым түсіру туралы ойланамын. Сот шағымымды қабылдайды деп үміттенемін", - деді Сүлейманов Facebook-те.
Желі қолданушылары адвокатты қолдап түрлі пікір жазды.
"Бүкіл Қазақстан сені қолдайды", "Неге екені белгісіз, жеңетініне сенімдімін", "Сәттілік тілеймін. Тек сен оларды өз орнына қоя аласың. Тигран мен оның әйелі Маргарита кез келген ұлтты сыйлауды үйренеді деп сенемін! Ал қалғандарына бұл сабақ болар еді", "Осы оқиғадан кейін Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында Кеосаян туралы кез келген ақпаратты таратуға тыйым салу керек", - деп жазады Желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің оның Қазақстанға кіруіне тыйым салу туралы шешімін келеке еткен болатын. Сондай-ақ, ол бұл тыйымға қарамастан және биліктің рұқсатынсыз елімізге келетінін мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі оны Кеосаянның балағат сөздерінен кейін енгізгені есімізде. Ол қазақстандықтарды Украинадағы жағдайға қатысты негізсіз айыптаған болатын.
Г. Досымшалова