Қазір екі ересектің өзара қатынасын заңды түрде тіркемей, азаматтық некеде бірге тұруы өзекті тақырып. Мұндай некеде екі тарапқа ешқандай ауырпалық түспейді. Дегенмен заңды некесіз бірге түрудың өз кемшіліктері бар. Бұл туралы адвокат Асел Бикенова Желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, бірге тұрған адаммен ортақ қаражатқа сатып алынған мүлік кімнің атына тіркелсе, сол адам иелігінде қалады.
Азаматтық некенің маман тізген кемшіліктері:
"Егер сіз некені ресми түрде тіркегіңіз келмесе, онда мүлікті үлестік меншікке сатып алған жөн. Тек осы жағдайда ғана сіз мүлікке ие бола аласыз. Пәтерді үлестік меншікке сатып алғандар бір-біріне өсиет жасайды, егер екі жақтың бірі қайтыс болса, пәтер алыс туыстарына емес, аман қалған адамға беріледі. Сонымен қатар, мұрагерлікте пәтерден басқа мүлікті бергіңіз келмесе, оларды басқаларға бере аласыз", - дейді адвокат.
Тағы да оқи отырыңыздар: Депрессияның белгілері қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!