Қазақстандық азамат қару тазалап жатып, абайсызда жағына оқ атқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Алматы облысында болды. Оқ иек тұсынан өткен. Оқ жарақаты бар науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына шұғыл жатқызылды.
Жақ-бет хирургиясы бөлімінің дәрігерлері науқастың жағдайын бағалаған. Мұндай жағдайларда шұғыл көмектесу өте маңызды.
Науқасқа көмектесу үшін оқты алу қажет болған. Отаны жақ-бет хирургиясының дәрігері Бақытжан Шермахан жасады.
"Ота сәтті өтті, науқасқа отадан кейін де қажет көмек уақтылы көрсетілді. Науқастың жағдайы жақсы және мамандардың бақылауында", - деді Бақытжан Шермахан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз