9 жастағы Әмина Қайырбекова Сингапурде өткен шахматтан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Ұлттық шахматшылар одағы" ҚБ төрағасы Алмаз Жансағимов айтып берді.
Азия чемпионаты бірнеше жас категориясы бойынша өтті. Жалпы есепте Қазақстан командасы 8 медальмен төртінші орын алды. Қазақстандық спортшылар екі қола, екі күміс және төрт алтын медель иеленді.
Қола жүлдегерлер: Қазыбек Нөгербек (11 жасқа дейін), Әсел Серікбай (13 жасқа дейін). Күміс жүлдегерлер: Айбек Қатенов (13 жасқа дейін) және Қазыбек Нөгербек (11 жасқа дейін). Алтын жүлдегерлер: Әмина Қайырбекова - екі медаль (9 жасқа дейін), Назерке Нұрғали (11 жасқа дейін), Әсел Серікбай (13 жасқа дейін).
"Мектеп оқушылары арасында Сингапурде өткен Азия чемпионатында біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Соның ішінде, Әмина Қайырбекова өте жоғары көрсеткішпен көзге түсті. Ол 9 ұпайды түгел еншіледі", - деді Жансағимов.