Бүгінде Қазақстанда пана іздеген 265 адам мен 301 босқын тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Статистика қандай?
"Қазір Қазақстанда пана іздеген 265 адам және 301 босқын өмір сүреді. Олардың көпшілігі Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрады", - деп жазылған хабарламада.
Олардың құқығы қандай?
- Елде пана іздеушілер мен босқындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
- Сондай-ақ, босқындар мен пана іздеушілер еңбек бостандығы мен кәсіпкерлік қызметке де құқылы. Олардың елімізде жүрген басқа шетелдіктерден айырмашылығы сол - жұмыс істеуге жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу талап етілмейді.
- Қазақстан заңнамасы балалардың, оның ішінде босқындар мен баспана іздеп жүрген адамдардың балаларының тегін негізде мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы орта білім алуына, сондай-ақ, конкурстық негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына құқығын қамтамасыз етеді.
- Босқындар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және тұрақтап қалуға өтініш жасауға құқылы. Құжаттарды тапсыру кезінде оларға келген елінде сотталмағаны туралы анықтама ұсыну талап етілмейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова