Қазақстанды дүрліктірген Алекс Леслиге қандай жаза қолдануға болады? Заңгер түсіндірді

Қазақстанды дүрліктірген Алекс Леслиге қандай жаза қолдануға болады? Заңгер түсіндірді
Фото: Instagram.com

Ресейлік блогер, пикапер Алекс Леслидің қазақ қыздарына қатысты түрлі мәлімдемесі қоғамда дау тудырды. Заң кеңесшісі Азамат Бекқұлов Леслиге қатысты тағайындалған шектеу және оған өзге қандай жаза қарастыруға болатынын айтты. 

Блогердің шын есімі - Александр Кириллов. Алматыда қазақ қыздарын сындыру курсын өткіземін деп мәлімдеген блогердің айтқан сөздерін СІМ тексереді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтқан еді.

Қазақ қыздарын сындырамын деген ресейлік пикапер жұртты тағы шулатты

Оның алдында Алекс Леслиге Қазақстанға келуге бір жылға тыйым салынғаны ресми хабарланған болатын. Алайда блогер бұл ақпаратты жоққа шығарып, ол шекарадан өтіп, Алматыға келгенін айтты. 

Заң кеңесшісі Азамат Бекқұловтың сөзінше, бір жыл шектеу жеткілікті емес. Маман Қазақстан заңнамасы бойынша шетелдіктерге елге кіруге қандай жағдайда тыйым салынатынын айтты. 

"Бұл туралы "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында және "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабында белгіленген. Шетелдіктерге бірнеше жағдайда елге кіруге тыйым салынуы мүмкін. Мысалы, егер шетелдік азаматтың әрекеті конституциялық құрылымды бұзуға бағытталса, егер ол ҚР егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы болса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса елге кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар, мемлекетаралық, халықаралық және діни араздықты тудырса, террористік әрекеті үшін сотталса немесе сот оны қауіпті рецидивист деп таныса ел аумағына кіруге заң бойынша тыйым салынады. Бұл негізгі басты себептер", - дейді заң кеңесшісі. 

Заң кеңесшісі Азамат Бекқұлов. Фото: adiletalmatykz

Сондықтан, Азамат Бекқұловтың сөзінше, Қазақстанда сырттай қылмыстық іс қозғауға болады. Ал Ресей тарапы сол қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарта алады. 

Алекс Лесли шектеуге қарамастан Алмағы келгенін айтқан болатын. Оның естіген бір топ қазақстандық оны әуежайдан күтіп алмақ болды. Заң кеңесшісі қазақстандықтардың бұл әрекеті қаншалық заңды екенін айтты.

"Леслиді "күтіп алған" азаматтар қандай да бір әрекет жасаса қылмыстық жауапкершілікке тартылатын еді. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабы "Өзiнше билiк ету" бойынша қаралар еді", - дейді маман. 

Айта кетейік, бұл бап бірнеше бөлік бойынша қаралады. Мысалы 1-бөлігі бойынша тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асырмақ болғандар 80 АЕК (245 040 теңге) көлемінде айыппұл төлейді сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, күш қолданумен немесе оны қолдану қатерін төндірумен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған іс-әрекет - 3000 АЕК (9 189 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Janqosh ‘JoJo’ Turarov (@zhankoshturarov)

Сонымен қатар, Азамат Бекқұлов Алекс Лесли расында Алматыда болса, қандай жаза қолдануға болатынын түсіндірді. 

"Көші-қон полиция мен әкімшілік сот оны Қазақстан Республикасынан заң жүзінде тыйым салу шарасын бұзғаны үшін соттап, шекарадан мәжбүрлеп шығарып жібере алады. Ол соттың шешімі бойынша тағы 5 жыл Қазақстан Республикасына кіре алмайтын еді", - дейді маман.

@massaget.kz #алекслесли#пикапер#казахстан#қазақстан#ресей#россия#тренинг ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина