Қазақстанды XXI ғасырдағы ең ыстық жаздың бірі күтіп тұр ма? Маман жауап берді

Қазгидромет РМК аргометеорологиялық болжам басқармасының басшысы Қамар Сәлиева биыл жаздың ыстық болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі "Қазгидромет" маманына "Биыл 21 ғасырдағы ең ыстық жаздардың бірі болуы мүмкін дейді. Бұл қаншалықты рас? Өрт қаупі болмай ма?"деп сұрақ қойды.

"Бүгін 6 айға алдын ала болжам жасалды. Яғни бұл консультативті болжам болып саналады. Біздің есептеуімізше, еліміз бойынша мамыр айы ыстық болады. Онда Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс өңірлерде күн 30+ градусқа дейін ысиды деп күтіліп отыр. Маусымда да ауа температурасы нормадан жоғары болады және жауын-шашын аз болады. Кейін шілдеде жауын-шашын молаяды деп отырмыз. Сіздің айтып отырғаныңыз, әртүрлі институттардың болжамы деп білемін. Ондай болжамдар ұзақмерзімді ғылыми зерттеуді талап етеді. "Қазгидромет" болжамды бір айға шығарамыз әрі айдың басында тағы да нақтылаймыз. Біз әлемдік метерологиялық ұйымдармен байланыстамыз. Әзірше ондай мәлімет түскен жоқ", - деп жауап берді Қамар Сәлиева.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер Астанада және Қазақстанның 13 өңірінде найзағайға байланысты ескерту жасаған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!