- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандағы зейнетақының орташа...
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 405 мың адам болса, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 872 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 275 теңге, базалық зейнетақы – 42 597 теңге.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 пайызына тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85 пайызы. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 105 пайыз белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі – бір ай.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Еске салайық, Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшері көтерілмек.
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет аясында Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшері айтарлықтай көбейеді. Бюджет жобасына сәйкес 2025 жылы әлеуметтік салаға 9,78 триллион теңге бөлінеді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 794 миллиард теңгеге көп. Заң жобасы бүгін Мәжіліс депутаттарына таныстырылды.
Қаржы министрлігінің БАҚ өкілдерімен бөліскен құжатында бюджеттің қомақты бөлігі әлеуметтік бағытқа жұмсалатыны көрсетілген.
Негізгі бағыттар бойынша өзгерістер:
Зейнетақы төлемдері артады: 2025 жылы зейнетақы төлемдеріне 5,26 триллион теңге бөлінбек. Бұл сома 2024 жылмен салыстырғанда 626 миллиард теңгеге көп.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина