Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 89 901 теңге, базалық зейнетақы - 42 694 теңге", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 364 мың адам.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!