Қазақстандағы Вусонг университеті (WSUK) 2025 жылғы күзгі семестрге қабылдау ашылғанын хабарлайды. Түркістанда ашылатын Woosong University-дің алғашқы халықаралық филиалы биыл қыркүйек айында жұмысын бастайды. Бұл – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігімен ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асып жатқан жоба.
WSUK – Орталық Азияда ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Университет Қазақстан студенттері мен жас мамандарына жоғары сапалы IT білімін, әсіресе жасанды интеллект пен деректер ғылымына баса назар аударуды ұсынады. Екі жылдық оқуын аяқтаған студенттер Оңтүстік Кореядағы Вусонг университетінде немесе әлем бойынша 630-дан астам серіктес университеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа кампуста ағылшын тілінде мынадай бағдарламалар ұсынылады:
Бағдарлама түлектері Оңтүстік Кореяда арнайы визалық бағдарламалар арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Қабылдауға арналған минималды талаптар:
Қабылдау мерзімі: Күзгі қабылдау – 2025 жылғы шілде айының соңына дейін.
Қабылдауға қажетті құжаттар: талаптар, оқу және стипендиялар туралы толық ақпаратты Қазақстандағы Вусонг университетінің ресми сайтынан таба аласыз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал