Қазақстандағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Қазақстандағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы екі қаласының тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылдың 13 сәуірінде Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget