Қазақстандағы ұлттық парк пен қорық ЮНЕСКО тізіміне қосылды

Қазақстандағы ұлттық парк пен қорық ЮНЕСКО тізіміне қосылды
Фото: © Фархат Қабдықайыров

"Бурабай" ұлттық табиғи паркі мен Марқакөл табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар тізіміне қосылды, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары - бұл құрлықтық және жағалаудағы / теңіз экожүйелерінің аумақтары немесе ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" (MAБ) бағдарламасы бойынша халықаралық деңгейде танылған осындай экожүйелердің қосындылары. Олардың негізгі мақсаты - қоршаған ортаға зиян келтірместен адам мен табиғаттың тұрақты байланысын құру және болашақ ұрпақ үшін табиғи байлықты сақтау.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы. Фото © Фархат Қабдықайыров/ЮНЕСКО

Шешім ЮНЕСКО бағдарламасының "Адам және биосфера" халықаралық үйлестіру кеңесінің 34-сессиясының отырысы шеңберінде шығарылды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда ЮНЕСКО бағдарламасына кірген 15 биорезерват бар. Орталық Азия елдерінің ішіндегі ең көбі бізде.

G. Dosymshalova