Қазақстандағы ұлттардың үлесі қандай?

Қазақстандағы ұлттардың үлесі қандай?
Фото: Tengrnews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстандықтардың этникалық құрамы туралы мәліметтер жария болды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын жариялады. Құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы деректер жарияланған.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны - 19 миллион 122 мың адам, олардың ішінде ең көбі:

- қазақтар - 69,03 пайыз;
- орыстар - 18,47 пайыз;
- өзбектер - 3,29 пайыз;
- ұйғырлар - 1,5 пайыз;
- украиндар - 1,3 пайыз;
- татарлар - 1,06 пайыз;
- немістер - 0,92 пайыз;
- түріктер - 0,61 пайыз;
- корейлер - 0,57 пайыз;
- әзербайжандар - 0,61 пайыз;
- дүнгендер - 0,40 пайыз;
- белорустар - 0,26 пайыз;
- тәжіктер - 0,27 пайыз;
- күрдтер - 0,25 пайыз;
- шешендер - 0,18 пайыз;
- поляктар - 0,15 пайыз;
- башқұрттар - 0,09 пайыз;
- басқа этнос өкілдері - 1,04 пайыз.
Жалпы, 2018-2020 жылдарға арналған халық саны бойынша статистика деректерін ел халқы тұрақты өсу үрдісін байқауға болады. Кейінгі үш жылда Қазақстан халқының саны 2,6 пайызға өскен.

С. Сатыбалдина