Қазақстандағы төтенше жағдайда АТФБанк өз клиенттерін қалай қорғайды?

Аз ғана уақыт бұрын ғана дүниежүзі бойынша жылда қарқын алған коронавирусқа қатысты оқиғаның «көрермені» болған болатынбыз. Өкінішке орай, бұл жағдай елімізді айналып өтпеді.

COVID-19 адамдардың денсаулығымен қатар, мемлекеттік жүйе мен бизнес-құрылымдардың беріктігін де сынға алды. Елімізге төтенше жағдайларды енгізу бір жағынан қазақстандықтарды қорғауға арналған шара болса, екінші жағынан бизнес пен халыққа ауыртпалық түскенде  шұғыл қабылданатын шешім болғандықтан өзінің олқы тұстарын да танытатын болады. 

Отандық бизнесте, сондай-ақ қарапайым азаматтарда орын алатын тәуекелді жеңілдету мақсатында, АТФБанк төтенше жағдайлар режимі қаржылық жағдайларына кері әсер еткен клиенттерге қолдау көрсету бойынша белсенді шаралар қолданады.

АТФБанк жасап жатқан іс-әрекеттер:

• ТЖ кезеңінде АТФБанк клиенттеріне кредиттер бойынша төлем мерзімін кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімақылар аударылмайды. Бұл ретте, жеке тұлғаларға қандай да бір шара қолдануға және банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ - бәрі автоматты түрде орындалатын болады.

• Кепілсіз тұтынушылық кредиттер ресімдеген жеке тұлға клиенттерде 90 күннен артық төлем мерзімін кешіктіру болса, АТФБанк пайыздық сыйақыларды есептемейді. Бұл жағдайда, клиенттерге банкке келудің қажеті жоқ, олар ҚР заңнамаларына енгізілген тиісті түзетулердің заңды күшіне енуін күтуі қажет.

• ЖК, ШОБ субъектілері және жеке тұлғалар үшін АТФБанк жекелеген тәртіпте 90 күнге дейін төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігін беруге, сонымен қатар ТЖ режимі олардың бизнесіне кері әсер тигізген жағдайда кредиттер бойынша өтеу кестесін қайта қарауға дайын. Ол үшін клиенттер өз жұмыстарының тоқтауын немесе уақытша тоқтауын растау қажет. Өтініш берген кезде кәсіпкерлер өздеріне ыңғайлы кез келген онлайн арнаны:  ATFonline интернет-банкингін, ATFBusiness мобилді қолданбасын, atfbank.kz банк сайтын, сонымен қатар электронды поштаны  info@atfbank.kz қолдана алады. Толығырақ нұсқама банктің барлық онлайн ресурстарында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

АТФБанк не айтады:

АТФБанктің Басқарма төрағасы Сергей Коваленко түсініктеме берді: «Банк командасы өз клиенттерінің қаржылық жағдайына ТЖ режимінің әсерін барынша азайту үшін мүмкіндігінше қолдау көрсете отырып, барлық шараны қолдануда. Банк қызметтері толық қолжетімді, клиенттер өздерінің қалауы бойынша оларды АТФБанк бөлімшелерінен ала алады, алайда мен біздің онлайн-сервистерді пайдалануды өтініп сұраймын, олардың көмегімен клиенттеріміз өз қаржысын кез келген уақытта және кез келген жерде басқара алады».

АТФБанк төтенше жағдайлар шартында өз бөлімшелерінде банк қызметтерін толықтай көрсетумен қатар, клиенттерге цифрлық платформаларды пайдалана отырып қашықтан қызмет көрсетуге көшуді белсенді түрде ұсынуда:

- ATF24 интернет-банкинг - жеке тұлғалар үшін,

- ATFBusiness – жеке кәсіпкерлер үшін,

- ATFOnline – заңды тұлғалар үшін.

АТФБанк клиенттері мен серіктестеріне орын алған жағдай барысы туралы үнемі хабарлап отырады және байланыс орталығының 2424 телефон нөмірі бойынша әрқашан байланыста болады.

Серіктес материалы